Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері (Қ. Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh202520045Аннотация
Мақалада қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның когнитивтік және ақпараттық негіздері Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы материалдары негізінде кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі – терминнің номинативтік бірлік ретінде ғана емес, сонымен бірге ақпаратты сақтаушы әрі ғылыми білімді ұйымдастырушы когнитивтік құрылым ретінде қарастырылуында. Терминологиялық жүйе ұлттық дүниетаным мен ғылыми танымның өзара байланысын бейнелейтін семиотикалық және ақпараттық модель ретінде сипатталады. Зерттеудің басты мақсаты – терминнің когнитивтік және ақпараттық табиғатын анықтау, қазақ ғылыми тіліндегі ұғымдық жүйенің дамуы мен терминологиялық ақпараттың жинақталу тетіктерін айқындау. Зерттеу барысында когнитивтік талдау, лингвомәдени және дефинициялық әдістер, семантикалық модельдеу және салыстырмалы-типологиялық тәсілдер қолданылды. Жұмыс нәтижесінде Қ. Сәтбаев жасаған терминдердің ғылыми танымдағы ұжымдық жад үлгілерін көрсететіні және олардың ішкі формасында ғылыми ақпарат пен ұлттық тәжірибенің бейнеленетіні дәлелденді. Терминологиялық ақпараттың кумулятивті және динамикалық сипаты айқындалып, жаңа терминологиялық жүйенің қалыптасу механизмдері көрсетілді. Сонымен қатар зерттеу қазақ ғылыми стильінің эволюциясында Сәтбаев терминдерінің концептуалдық рөлін айқындап, олардың қазіргі терминқорды жүйелеудегі маңызын нақтылайды. Жұмыс нәтижелері қазақ ғылыми дискурсының когнитивтік картасын құруға және салалық терминжасам үдерістерін жетілдіруге әдіснамалық негіз бола алады. Зерттеу нәтижелерін когнитивтік лингвистика, терминтану және ғылыми тіл тарихы пәндерінде, сондай-ақ қазақ ғылыми терминологиясын оқыту тәжірибесінде пайдалануға болады.
Түйін сөздер: когнитивтік лингвистика, терминология, ақпарат, Қ. Сәтбаев, «Алгебра».
