Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сандық компонентті фразеологиялық бірліктердің салыстырмалы талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh202520048
        66 0

Аннотация

Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі құрамында бірден онға дейінгі сан есімдер кездесетін фразеологиялық бірліктер салыстырмалы тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Әртүрлі  тілдердегі фразеологиялық бірліктерді салыстыра зерттеу тіл білімінің өзекті бағыттарының бірі болып отыр. Кез келген тілде сан есім заттардың санын білдірумен қатар, символдық жүк арқалап, кей жағдайда сиқырлы немесе сакралдық мәнге ие болып, қоршаған дүниені және адамның өзін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Сандық компоненті бар фразеологизмдер этностың дүниетанымы мен мәдени кодын тікелей бейнелейтін ерекше тілдік қабат болып саналады. Зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі бірден онға дейінгі сан есімдер қатысқан фразеологиялық бірліктердің типологиялық ұқсастықтары мен ұлттық-ерекше белгілері анықталды. Сандық компоненті бар тұрақты тіркестер әр тілдің фразеологиялық жүйесінде ерекше орын алып, әр этностың ойлау ерекшелігі мен әлемнің тілдік бейнесін айқындайды.

Зерттеу нәтижелері аудармашыларға арналған фондық материал ретінде пайдалануға болады және аударма барысында туындайтын экстралингвистикалық кедергілерді еңсеруге жәрдемдеседі. Эмпириялық материалға мәдени әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге, діни рәсімдерге, сондай-ақ фразалық етістіктер мен мақал-мәтелдерге негізделген фразеологиялық бірліктер енді. Мақаланың соңында сандық компоненті бар тұрақты сөз тіркестерін қазақ тілінен ағылшын тіліне және ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдары бойынша бірқатар ұсыныстар беріледі.

Түйін сөздер: тіл білімі, фразеологизмдер, тұрақты тіркестер, әлемнің тілдік бейнесі, сандық компоненттер, салыстырмалы талдау, тілдік мұра.

Авторлардың биографиясы

Э. Кыдырмолдина, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Кыдырмолдина Эльмира Толеубеккызы (корреспондент автор) –  PhD докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: elmira_amangeldi@mail.ru);

А. Кулбаева, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Қазақстан, Алматы қ.

Құлбаева Ақерке Тінәліқызы – аға оқытушысы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ (Алматы, Қазақстан, e-mail: a.kulbayeva@satbayev.university);

А. Каликова, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Қазақстан, Алматы қ.

Каликова Алия Джумановна – оқытушы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ (Алматы, Қазақстан, e-mail: kalikova-1981@mail.ru);

К. Қожанова, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қазақстан, Алматы қ.

Қожанова Камшат Сейсемхановна – кафедрасының аға оқытушы, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы, Қазақстан, e-mail: kamok_85erden@mail.ru).

Как цитировать

Кыдырмолдина, Э., Кулбаева, А., Каликова, А., & Қожанова, К. (2025). Қазақ және ағылшын тілдеріндегі сандық компонентті фразеологиялық бірліктердің салыстырмалы талдауы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 200(4). https://doi.org/10.26577/EJPh202520048