ТІЛДІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫСЫМНЫҢ ВЕРБАЛДЫ ҚҰРАЛДАРЫ

ТІЛДІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫСЫМНЫҢ ВЕРБАЛДЫ ҚҰРАЛДАРЫ

Авторлар

Аннотация

Түрлі сөйлеу жағдаятында өрбитін тұлғааралық коммуникация үдерісінде көрініс беретін сөйлеу әрекеттерінің қатарында коммуникативтік қысым немесе сөз қысымы да орын алады. Тұлғааралық коммуникация үдерісінде адресанттың адресатқа агрессивті ықпал етуге бағытталған сөздерінің кейбір жағдайлары  адресат-тұлғаның еркін шектеу, оны өзі қаламайтын іске мәжбүрлеу сияқты әрекетін қамтуына байланысты тілдік құқықбұзушылық қатарында қарастырылу мүмкіндігіне ие. Бұл жағдай коммуникативтік қысымның лингвистикалық белгілері мен тілдік құралдарын зерттеудің сот лингвистика теориясы мен практикасы үшін маңыздылығын көрсетеді. 

Мақалада осы мәселе шешімінде коммуникативтік қысымның тілдік құқықбұзушылық көрінісі ретіндегі дерегіне лингвистикалық талдау жасау арқылы оның басты лингвистикалық белгілерін, сөйлеу стратегиялары мен тактикаларын анықтау мақсаты көзделеді. Осы орайда коммуникативтік қысымның нақты дерегіне  ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіменің бейнежазбасына лингвистикалық зерттеу жүргізілді.

Мақалада коммуникативтік қысым адресаттың немесе қарсы тараптың мүддесіне залалды, оның құқығына қайшы ықпал етуге құрылған сөйлеу актісі тұрғысынан қарастырылады. Тыңдаушыға ықпал етуге бағытталған әрекет ретіндегі коммуникативтік қысымды зерттеуде сөйлеу актілері теориясының ғылыми тұжырымдамалары және прагмалингвистикалық, сонымен қатар синтаксистік, стильдік, емле талдау әдіс-тәсілдері қолданылды. 

Нәтижесінде ажырасқан ерлі-зайыптылар арасында жазылған қолхат пен әңгіменің бейнежазбасы негізінде адресант тарапынан адресаттың (тыңдаушының) еркін шектеу жағдайында жүзеге асырылған коммуникативтік қысым сөздеріне тән лингвистикалық белгілер мен  тілдік құралдары анықталады және тілдік тактикалары жүйеленеді.

Авторлардың биографиясы

Асқар Жамалбек, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Жамалбек АсҚар Мұсаұлы, докторант, специальность "Лингвистика" 

Кафедра тюркологии и теории языка

Жазира Алишева, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Әлішева Жазира Асқарбекқызы, оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, түркітану және тіл теориясы кафедрасы

Как цитировать

Таусогарова, А. К., Жамалбек, А., & Алишева, Ж. (2026). ТІЛДІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫСЫМНЫҢ ВЕРБАЛДЫ ҚҰРАЛДАРЫ: ТІЛДІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫСЫМНЫҢ ВЕРБАЛДЫ ҚҰРАЛДАРЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5086