И.А. Одеговтың «Крылатая невеста Махди» повесіндегі транскультуралық кеңістік

Авторлар

  • Гульнар Дуз-Оглы Казахский национальный аграрный исследовательский университет

Аннотация

Мақала И.А. Одеговтың «Махдидың қанатты қалыңдығы» повесіндегі транскультуралық кеңістікті талдауға арналған. Зерттеу қазіргі қазақстандық орыс тілді әдебиетінің ерекшеліктерін айқындай отырып, транскультуралық құбылысты В. Вельш, Х. Бхабха, У.М. Бахтикиреева, Э.Ф. Шафранская және басқа да ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде қарастырады. Повесть әртүрлі мәдени кодтардың, ұжымдық жад формаларының және қазақтың жергілікті дәстүрлік элементтерінің өзара әрекеттесуінен туындайтын көркем модель ретінде сипатталады. Зерттеуде мәтіндегі қалалық және дала мәдениеттерінің тоғысуы, дәстүрлі және заманауи дүниетанымдық тәжірибелердің қабаттасуы, сондай-ақ мәдениеттер шекарасындағы медиатор-бақылаушы бейнесі талданады. Тілдік гибридтілік, мәдени архетиптер, хронотоп және транскультуралық көркем шындықты құрайтын бейнелерге ерекше назар аударылады. Жұмыс Одегов повесінің мәдени гибридтену мен диалог кеңістігі ретінде қызмет ететінін, сондай-ақ қазіргі қазақстандық әдеби үдерістің айрықша табиғатын танытатынын көрсетеді.

Как цитировать

Дуз-Оглы, Г. (2026). И.А. Одеговтың «Крылатая невеста Махди» повесіндегі транскультуралық кеңістік. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5091

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение