ТАШКЕНТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТІСІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛІМЕН ӘСЕРЛЕСУІ

ТАШКЕНТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТІСІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛІМЕН ӘСЕРЛЕСУІ

Авторлар

  • Ashirkulov Kanat Nigde Omer Halisdemir University

Аннотация

Мақалада Өзбекстан Республикасының Ташкент өңірі аумағында тұратын қазақтардың сөйлеу тіліндегі лексикалық ерекшеліктері мен тілдік қарым-қатынасы, социолингвистикалық өзгерістер тұрғысынан қарастырылады. Қазақ тілінің лексикалық қабаты диаспоралық ортада тарихи және әлеуметтік, мәдени факторлардың ықпалы арқылы қалыптасып, көршілес өзбек тілімен өзіндік әсерлесу нәтижесінде дамуы туралы айтылады. Зерттеу барысында Ташкент өңіріне тән диалектік тұрмыстық, шаруашылық, қоғамдық, әкімшілік, қала мен ауыл мәдениетіне қатысты лексикалық бірліктер талданып, олардың шығу тектері, семантикалық өзгерістері мен қолдану тәртібі туралы сипатталады.

Мақаладағы тілдік материалдар Ташкент аумағында жиналған ауызекі сөйлеу үлгілеріне, сонымен қатар диалектологиялық деректерге және соңғы жылдардағы отандық, шетелдік ғылыми зерттеулерге сүйене отырып қарастырылды. Тілдік бірліктерді талдау барысында сипаттама, салыстырмалы-диалектологиялық, социолингвистикалық әдістер кеңінен қолданылды. Өзбек тілімен тілдік, лексикалық әсерлесудің нәтижесінде қалыптасқан кірме сөздер, лексемалар, калькалар мен аралас қолданыстардың қазақ тілінің диалектологиялық жүйесіндегі орны туралы тұжырымдалды.

Зерттеудің нәтижелері Ташкент аумағындағы қазақ тілінің диалектологиялық жүйесі мен аймақтық тілдік құбылыс қана емес, этникалық болмысты сақтау, көптілді ортада тілдік бейімделудің маңызды көрсеткіші екенін айқындайды. Ташкент өңіріндегі қазақ тілінің диалектологиясы арқылы әлеуметтік өзгерістердегі тілдік таңдаулардың сөйлеу практикасына ықпалы айқын көрініс табады. Мақала Ташкент өңіріндегі диаспора ретінде қазақ тілінің диалектологиясын кешенді түрде зерттеуге үлес қосып, қазақ-өзбек тілдік байланысының лексикалық деңгейіндегі көріністерді жүйелеуді мақсат етеді. 

Түйін сөздер: қазақ диалектологиясы, Ташкент қазақтары, қазақ-өзбек тілінің қатынасы, тілдік әсерлесу, диалектік лексика, диаспора тілі.

Как цитировать

Kanat, A. (2026). ТАШКЕНТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТІСІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛІМЕН ӘСЕРЛЕСУІ: ТАШКЕНТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТІСІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨЗБЕК ТІЛІМЕН ӘСЕРЛЕСУІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5109