ДЕТЕКТИВ ӘҢГІМЕЛЕРДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫ

ДЕТЕКТИВ ӘҢГІМЕЛЕРДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫ

Авторлар

  • Гульжахан Орда JQ

Аннотация

Мақалада Қызылорда облысында тоқсаныншы, екі мыңыншы жылдары қоғамдық толқыныс тудырған ауыр, аса ауыр, қылмыстарды әшкерелеуде полиция қызметкерлерінің жанқиярлық ерліктері туралы деректі детективті көркем шығармалар топтастырылған Н. Саматұлы мен Ә. Шаймағамбетовтің «Тәуелсіздік қырандары» жинағына енген шығармалар қарастырылған. «Қызылорда – Шымкент – «Набат», «Шаттықтың үңгірі», «Төрт қыздың трагедиясы», «Қызылордаша киднеппинг», «Алақандағы алты тал шаш», «Алты айда ашылған қылмыс»,  «Такси аулаған тажалдар» әңгімелерінде өмір шындығы көркем шындыққа айналғаны ауыл, аудан, қала, облыстағы Ішкі істер басқармасында қызмет атақарған қызметкерлердің аты-жөні өзгеріссіз берілуімен, оқиға болған жер мен уақыттың нақты көрсетілуімен, тоқсаныншы жылдары елді алаңдатқан қылмыстардың ашылуымен, Сот үкімінің орындалуымен анықталған. Жазушылардың қылмыстың себептерін талдап, әлеуметтік астарына үңіліп, белгілі деңгейдегі моральдық мәселелерді зерттеуді мақсат еткендігі нақты мысалдармен тұжырымдалған. Әңгімелердегі зұлымдық тек қоғам заңдарын ғана емес, сонымен бірге адамзат өмір сүріп жатқан ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормаларды өрескел және қорқынышты жағдайда бұзудан көрінген. Детектив шығармалардағы моральдық, психологиялық, криминологиялық, әлеуметтік-экономикалық қақтығыстардың үлкен қасіретке, адам өліміне алып келу себептері ашылған. Тергеушілердің құқықтық қорғауы жеке адамның меншігіндегі жоғалған мүлікті іздестіруімен айшықталған. Жазушылардың психологизмді игеруі әр кейіпкердің жандүниесіне үңіліп, ішкі және сыртқа қақтығыстардың себеп-салдарын ашуымен түйінделген.  

Как цитировать

Орда, Г. (2026). ДЕТЕКТИВ ӘҢГІМЕЛЕРДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫ: ДЕТЕКТИВ ӘҢГІМЕЛЕРДЕГІ ӨМІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫ . ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5134

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение