ЖАЗБА МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ СӨЗДІГІН» ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

ЖАЗБА МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ СӨЗДІГІН» ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Gulfar Mamyrbek А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Аннотация

Күні бүгінге дейін «Қазақ тілінің тарихи сөздігі» жасалмай келеді, әрі көне, орта және жаңа түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштер негізінде қазақ тілінің тарихи сөздік қоры толықтай жинақталған жоқ. Тіл тарихы бойынша ғалымдар тарапынан жүргізілген диахрондық зерттеулерде қазақ тілінің даму тарихынан хабар беретін мол ақпараттар мен этимологиялық талдаулар жетерлік. Алайда ондағы барлық тарихи мәліметтер жүйеленіп, тарихи лексикографиялық зерттеу нысанына алынбай отыр. Тарихи лексикалық қорды қолжазба, түпнұсқа мәтіндер негізінде толықтай жинап, әр сөздің семантикалық, фонетикалық және морфологиялық өзгерістерін анықтау арқылы ғана Тарихи сөздік құрастырылатыны мәлім. Мақалада Тарихи сөздіктің қажеттілігі, оның тіл дамуын зерттеудегі маңызы талданған. Ең алдымен, сөздік жасауға негіз болатын дереккөздерді іріктеу, олардан тілдік материал жинақтау, сөздердің семантикалық дамуын әр жазба ескерткіш негізінде анықтау, фонетикалық және морфологиялық өзгерістерді көрсету, реестрге алынатын сөздерді лексикографиялық жүйелеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен, тарихи деректер мен тілдік талдауға сүйене отырып жүргізілгенде ғана сапалы сөздік түзілері мәлім. Тарихи сөздікте тұтас халықтың ұлттың санасы мен ұлттық идеясы көрініс табатынын ХХ ғасырдың басында-ақ ғалымдар мен зерттеушілер негіздеп кетті. Тарихи сөздік әрқашан ұлттық сана-сезімнің оянуына да ықпал ететінін жоққа шығара алмаймыз.  Қазақ тіліндегі тарихи базалық лексиканың дамуын диахрондық аспекті негізінде көрсету – Тарихи сөздіктің басты міндеті. Мұндай сөздікте көне дәуірлерге тән лексемалардың қазіргі тілдік жүйеде сақталып қалуы, семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырауы, мағыналық жақтан жаңғыруы немесе қолданыстан шығып қалуы, стильдік реңктегі трансформациялары, барлығы кешенді түрде көрініс табады. Осындай жан-жақты тілдік-тарихи сипаттама беретін сөздік түзу, әрі нақты жазба ескерткіштер деректері негізінде құрастыру бүгінгі қазақ тіл біліміндегі маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Тарихи сөздік тілдің әртүрлі даму кезеңдеріндегі лексикалық бірліктерді жүйелі түрде жинақтап, өткен дәуірлерден сыр шертетін тілдік деректерді сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуде маңызды қызмет атқаратын, халықтың рухани және мәдени мұрасын танытатын құнды құрал. Онда көне замандардағы ойлау жүйесі, дүниетаным, салт-дәстүр, әлеуметтік қатынастар тілдік бірліктер арқылы көрініс табады. Демек, Тарихи сөздік – ұлттық мәдениеттің көрінісін тіл арқылы бейнелейтін, тіл мен тарихтың, мәдениет пен ой-сананың өзара байланысын ашатын әмбебап ғылыми еңбек.

Как цитировать

Mamyrbek, G. (2026). ЖАЗБА МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ СӨЗДІГІН» ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ: ЖАЗБА МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ СӨЗДІГІН» ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5137