ОНЛАЙН ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЖАСТАРДЫҢ ТІЛДІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ (THREADS ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Алима Дуйсмаганбетова АГУ имени К.Жубанова
  • Күлзат Каниевна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0001-6092-8191

Аннотация

Бұл мақалада Threads әлеуметтік желісіндегі қазақ тілді жастардың тілдік мінез-құлқы психолингвистикалық және прагматикалық тұрғыдан кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты -  жастардың онлайн-дискурста эмоцияны, бағалауды және коммуникативтік ниетті қандай тілдік құралдар арқылы білдіретінін анықтау. Зерттеу материалы ретінде 20–35 жас аралығындағы пайдаланушылардың ашық жарияланған 94 пікірі іріктеліп, олардың ішінен мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан репрезентативті 10 пікір терең сапалық талдауға алынды. Психолингвистикалық талдау ішкі сөйлеудің көріністерін, экспрессивтілік деңгейін және когнитивтік механизмдерді анықтауға бағытталса, прагматикалық талдау жазбалардың коммуникативтік мақсатын, адресатқа бағдарлануын және эмоциялық стратегияларын сипаттауға негізделді. Зерттеу нәтижелері жастардың онлайн-коммуникациясында бейәдеби лексиканың, код-ауысымның, графикалық құралдардың, эмодзилер мен интонацияны білдіретін белгілердің белсенді қолданылатынын көрсетті. Бұл құбылыстар жастардың ішкі ойлау жүйесінің, әлеуметтік позициясының және эмоционалдық күйінің тілдік формада тікелей көрініс табатынын дәлелдейді. Мақала қазіргі цифрлық ортадағы жастардың тілдік мінез-құлқын түсіндіруге, психолингвистикалық және прагматикалық зерттеулер қорын толықтыруға ғылыми үлес қосады.

Как цитировать

Дуйсмаганбетова, А., & Садирова , К. (2026). ОНЛАЙН ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЖАСТАРДЫҢ ТІЛДІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ (THREADS ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/5141