Қожа Ахмет Ясауи «Хикметтеріндегі» «кемел адам» концептісінің когнитивтік құрылымдары
Ясауи, «Хикметтер», «кемел адам», концепт, когнитивтік құрылым
Аннотация
Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Хикметтеріндегі» «кемел адам» ұғымының көркемдік-философиялық мазмұны концептілік тұрғыда жан-жақты талданады. Мақалада «кемел адам» тұжырымының Ибн Араби секілді мұсылман ойшылдарының еңбектерінен бастау алып, Тасаууыф ілімінде ерекше орын алғаны және қазақ рухани кеңістігінде, әсіресе Абайға дейінгі кезеңде үздіксіз көтеріліп отырғаны қарастырылады. Использование «совершенного человека» в хикметах Ясави анализируется как духовно-познавательная преемственность, восходящая к суфийской традиции и продолжающаяся до ее проявлений в современной литературе. Зерттеу нысаны ретінде Р. Сыздықованың «Ясауи хикметтерінің тілі» еңбегі мен Ташкенттегі қолжазба нұсқасы алынып, олардың тілдік, дүниетанымдық және концептуалдық ерекшеліктері сараланады.
Мақалада адамдық болмысынан ажыраған пенде мен рухани кемелдікке жеткен тұлға бейнесі салыстырмалы түрде қарастырылып, олардың қоғам өміріндегі орны мен маңыздылығы айқындалады. Кемел адамның әлем мен қоғамды дұрыс жолға бастайтын, әділеттілік пен туралықты орнықтыратын, қоғамдағы жағымсыз әдеттерді сынап, тәртіп пен ізгілікті насихаттайтын тұлға ретіндегі рөлі әртүрлі ғұламалардың көзқарастары негізінде талданады. Сонымен қатар сопылық ілімдегі кемелдік ұғымының тарихи қалыптасуы, оның түркілік дүниетаныммен сабақтастығы және қазақ рухани мәдениетіндегі жалғастық арналары көрсетіледі.
Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында сөз мағынасына қатысты пәндерді оқытуда, сондай-ақ Ясауи мұрасы, сопылық дүниетаным және кемел адам концепті бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерде қолдануға мүмкіндік береді.







