Ethnocultural description of the formation and development of the concept «Fashion» in kazakh culture

Authors

  • Alimtayeva L.T. Kabylbek A.B. Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
        34 125

Abstract

Мақалада қазақ мәдениетіндегі «сән» ұғымының қалыптасуы мен дамуының этномәдени
сипаты баяндалған. Қазақ халқының этномәдени сипатын айшықтайтын этнолингвизмдердегі
«сән» ұғымының берілуі қарастырылған. Қазақ мәдениетіндегі «сән» ұғымының диахрониялық
және синхрониялық жағдайын анықтау барысында қазіргі қоғамдық ортаға тәжірибе жүргізіліп,
нәтижесі мақалада талданып көрсетіледі. Қазақ халқында сөзі мен ісі, келбеті мен мінезі, киім
киіс, жүріс-тұрыс әдебінен бастап тұрмыста қолданатын бұйымдары мен үй-жайлары, жалпылай
келгенде этностың қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі «сән» ұғымы қатар жүрген атаулардың
этнолингвизмдерде берілуі мен ұрпақ дамуында өзгеріске түсуі ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Этнос ұғымындағы «сән» ықпалы қазақ мәдениетінде көптеген жайттардан: көшпенділіктен,
тұрғылықты өлкеден, әлемді кеңістік-бейне тұрғысынан қабылдаудан, ежелгі діни және мәдени
ерекшеліктері когнитивтік аяда көрініс табатындығы сараланған. Сауалнама барысында қазақы
қолөнер бұйымдарына қатысты этномәдени атаулар тіліміздегі пассив қабатқа еніп, бүгінде мәнмағыналары көмескілене бастағандығы тілдік деректер бойынша айғақталған.

Downloads

How to Cite

Kabylbek A.B., A. L. (2018). Ethnocultural description of the formation and development of the concept «Fashion» in kazakh culture. Eurasian Journal of Philology: Science and Education, 171(3), 67–74. Retrieved from https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2385