Мәдени-ерекшелік ортаның тілдесуін аударудың лингвопрагматикалық негіздері (қазіргі Корей прозасы негізінде)
Аннотация
Бұл мақала қазіргі корей прозасы негізінде мәдени-ерекшелік ортаның тілдесуін аудару
кезіндегі лингвопрагматикалық сұрақ төңірегінде болмақ. Лингвопрагматиканың және сөйлеу
актілері теориясының өзара байланысын көрсететін негізгі лингвопрагматикалық компоненттерге
талдау жүргізіледі. Сондай-ақ, мақалада корей тілінің сөйлеу қатынасы мазмұнының жабық
және жасырын бөліктері арасындағы қатынастар қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде
заманауи корей прозасының шығармаларынан мақсатты іріктеу әдісі арқылы жиналған корей
тілінде сөйлейтін сөздердің тұрқы болды. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі
ретінде лингвопрагматика, семантика, дискурс теориясы және аударма теориясы мен практикасы
саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері болды. Зерттеудің гипотезасы –
жасырын мәтіннің жалпы мағынасының ажырамас бөлігі және оның прагматикалық тұрғыдан
маңызы болып табылады. Зерттеу материалдарын аудару әдістерін жетілдіруге, сонымен қатар
мәтіндік лингвистика, лингвопрагматика, лингвистикалық семантикалар және мәдениетаралық
коммуникация практикасы бойынша лекциялар мен практикалық курстар әзірлеу үшін пайдалануға
болады.