Прагматическая функция интонации в создании речевого портрета деловой женщины

Авторы

  • Akymbek S.Sh., Yebelekbayeva A.K., Akh . Казахский национальный университет им. Аль-Фараби
        29 38

Аннотация

Мақала әйелдердің іскерлік диалогіндегі интонация функциясының салыстырмалы зерттеуіне арналады. Қазір оқшауланған монологтік лебіздерге емес, өзара әрекеттесуге бағытталған зерттеу еңбектері баршылық. Осыдан келе диалог уәж айту мен жауап реакциясы ретінде басты зерттеу объектісіне айналып отыр. Мақалада диалогтік бірлік ретінде диалогтік мәтіндегі құрылымдық, коммуникативтік және мағыналық тұтастыққа ие бірліктер талданған. Іскерлік қарым-қатынас екі жақтың ерекшеліктеріне негізделе отырып құрылады. Яғни іскерлік диалог құруда коммуниканттардың қоғамдық мәртебесі, қызмет иерархиясында алатын орны, мамандығы, ұлты, жасы, мінезі мен жынысы – маңызды факторлардың бірі. Зерттеу барысында коммуниканттары әйел қызметкерлер болып келетін іскерлік диалогтік бірліктер қарастырылды. Яғни бағынышты әйел адам басшыларымен сөйлесу барысында өзінің эмоция, толқу, алаңдау секілді жай-күйлерін интонация көмегімен барынша жасыруға, сыртқа байқатпауға тырысады. Бірақ негізгі тонның жиілігі арқылы адамның мұндай толқу әрекеттері бірден байқалады. Зерттеу нәтижелері іскерлік дискурста интонацияның просодикалық параметрлері әйел коммуниканттың қызметтік дәрежесіне тікелей байланысты болатынын көрсетті. 

Загрузки

Как цитировать

., A. S. . . Y. A. A. (2018). Прагматическая функция интонации в создании речевого портрета деловой женщины. Вестник КазНУ. Серия филологическая, 164(6), 40–47. извлечено от https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2493