Когнитивті лингвистикадағы метафора мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.03
        64 85

Аннотация

Бұл мақала когнитивті лингвистикадағы метафораны зерттеу мәселесіне, метафораның концептуалды теориясына арналған. Мақалада Эрл Маккормак, Дж.Лакофф пен М.Джонсон, сондай-ақ Раймонд У.Гиббс, Дедре Гентнер, Брайан Боудл, Линн Кэмерон, Жиль Фоконье, Майкл Рэдди, Дэвид Пантнер және басқалардың зерттеу еңбектеріне шолу жасалған. Метафоралардың екі түрінің анықтамалары келтірілген: бағдарлау және онтологиялық метафоралар. Сонымен қатар, тұжырымдамалық және когнитивтік сәйкестік сияқты аспектілер қарастыралады, когнитивтік сәйкестіктің үш түрі ажыратылады. Мақалада метафоралық, танымдық процестің деңгейлері де қарастырылған. Метафораның концептуалды теориясы Дж.Лакофф пен М.Джонсонның «Біз өмір сүретін метафоралар» кітаптарында жақсы көрсетілген. Мақалада концептуалды метафоралардың мысалдары да келтірілген. Метафораның негізгі қызметі – оның танымдық жағы, жаңа білім алу қызметі де мақалада сөз етіледі.Когнитивті лингвистика аспектісіндегі метафора метафораның концептуалды теориясының призмасы арқылы қарастырылады. Метафоралық ойлау қазіргі адамға ғана емес, ғасырлар бойы метафора адамның күнделікті өмір салтында шебер қолданылған. Когнитивті лингвистика аспектісіндегі концептуалды метафора – бұл негізгі танымдық операциялардың бірі, ойлау, түсіну, тану, қабылдау және қоршаған ортаны түсіндіру тәсілі. Бұл тәжірибенің, ақпараттың, бір семантикалық сала туралы білімнің басқа семантикалық салаға ауысуы.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-19

Как цитировать

Zhaparova, A., Kenzhekanova, K., & Azimbayeva, I. (2022). Когнитивті лингвистикадағы метафора мәселесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.03

Шығарылым

Бөлім

Языкознание