«Жүректе қайрат болмаса» өлеңіндегі Абай даналығы және дала шындығы
Кілттік сөздер:
қазақ болмысы, ақыл, қайрат, даналық, сөздің мағыналық‑қызметтік ерекшелігі.Аннотация
Мақалада лебіздің мағыналық-қызметтік ерекшелігі әлдеқайда бай болғанымен, мағыналық құрылымы мен функционалдық ерекшелігі туралы ғылыми зерттеудің аздығы айтылады. Лебізде қолданысқа түсіп сөз мағыналық жағынан дамиды, мәні тереңдейді, бұрын таңбаланбаған жаңа ұғымдарға атау береді, сөйтіп тіл де дамиды, байи түседі. Мақалада Абайдың «Жүректе қайрат болмаса» атты өлеңі фукционалдық‑семантикалық аспектіден талданады. Жүрек пен қайрат ұғымдарын қатар қою арқылы олардың бағасын таразылап, бағалап, танытып, пәлсапалық ой түйіп қана қоймайды, қазақи шындықтың қатып қалған қабаттарын ашып үңілтеді, жүрегіндегі шерін ақтарады. Шындықтың бетіне тура қарайды, өйткені шындықтың артында елдің болашағы, келешектің үміті мен үлесі жатыр. Данышпан Абай жүрек пен қайрат сөзін байланыстырып, жүректе қайрат болуын қажеттілікке балайды. Өлеңнің мазмұнына талдау жасай отырып, сөздің мәні ашылады, тұлғалық сипаты анықталып, кейбірінің шығу тарихы ғылыми‑семантикалық тұрғыдан талданады. Түркі тілдеріндегі сөздердің жалғамалылық табиғатына сай, түбірі өзгеріске аз ұшырағандықтан, түркі түбірлері өзінің қалпы мен мағыналық құрылымын өзге тілдермен салыстырғанда анағұрлым жақсы және анық сақтаған деген ғылыми тұжырым жасалады. Мақалада Абай өлеңіндегі негізгі концептер Шаһкәрім Құдайбердіұлы поэзиясындағы ұғымдармен салыстырылады.Библиографиялық сілтемелер
1.1. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы: Өлеңдер мен аудармалар. – Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1995. – 335 б.
2 .2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Т. 7. – Алматы: Ғылым, 1983. – 306 б.
1.1. Abay. Ekі tomdi’q shi’gharmalar ji’’naghi’: O’lengder men awdarmalar. – T. 1. – Almati’: Jazwshi’, 1995. – 335 b.
2.2. Qazaq tіlіnіng tu’sіndіrme so’zdіgі. – T. 7. – Almati’: Ghi’li’m, 1983. – 306 b.
2 .2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Т. 7. – Алматы: Ғылым, 1983. – 306 б.
1.1. Abay. Ekі tomdi’q shi’gharmalar ji’’naghi’: O’lengder men awdarmalar. – T. 1. – Almati’: Jazwshi’, 1995. – 335 b.
2.2. Qazaq tіlіnіng tu’sіndіrme so’zdіgі. – T. 7. – Almati’: Ghi’li’m, 1983. – 306 b.
Жүктелулер
Как цитировать
Salkynbay А. B. (2016). «Жүректе қайрат болмаса» өлеңіндегі Абай даналығы және дала шындығы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 154(2). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/1776
Шығарылым
Бөлім
Языкознание