БИҢ ШИННІҢ ПРОЗАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада Қытай әдебиетінің көрнекті өкілі, революциялық-қоғамдық қызметі мен ақындық үні ел арасына кең жайылған Биң Шиннің прозалық туындылары кең көлемде талданып, образдар жүйесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Сонымен бірге жазушының шығармаларындағы тың идеялар мен көркемдік ерекшеліктеріне назар аударылады. Мақала авторы Бин Шин туындыларының даралық сипатын зерттей отырып, оның танымал шығармаларындағы әрбір кейіпкер тағдырына жеке-жеке тоқталған. Ол Биң Шин ақынның сол уақыттағы әлеуметтік қайшылықтардың сипатын ашатын астарлы өлеңдерін қоғамдық контекспен сабақтастыра қарастыру арқылы суреткердің балалар прозасындағы өзіндік қолтаңбасын айқындап көрсете түскен. Зерттеу барысында қаламгердің кейіпкерлер әлеміне атүсті қарамай, оларға психологиялық тұрғыдан сипаттама берген. Негізі Биң Шин прозасының өзекті тақырыптыры – ана сүйіспеншілігі, сәби жүрегі және ұлт табиғаты туралы. Ізденуші Биң Шин шығармашылығында кең көрініс тапқан балалық шақ туралы толғаныстар жүйесімен қатар қаһармандық рух, өмір мен өлімнің бетпе-бет келіп, тайталасқан сәттерінің шындықтары секілді образдарды айқын көрсете білді.