Дастан-поэмалардағы дүбірлі дәуір сипаты
Аннотация
Ұлт-азаттық тақырыбы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. Мақалада Көдек Маралбайұлының, Таңжарық Жолдыұлының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін, оның шығу себептерін, сипатын қамтыған өлең-жырлары талданады. Автор өзі өмір сүрген дәуір шындығының ауыр көрінісін айна-қатесіз бейнелеген ақындардың ішінде Көдектің, Таңжарықтың орны бөлек екенін жан-жақты қарастырып, ғылыми тұжырым жасайды. Мақалада ақын өлеңдерінде әділетсіз саясаттың ауыр зардабы, Азамат соғысы жағдайындағы майдан өмірі, азапты күндері кеңінен қамтылып, бар болмысымен жырланғаны туралы айтылады. Ақын поэзиясы заман шындығын жырлаған өзге ақын-жазушылардың шығармаларымен бірлікте, сабақтастықта қарастырылған