Ағылшын, орыс және қазақ тілдері паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы («еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының материалдары негізінде)

Авторлар

  • Zh.A. Rsaliyeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
        29 111

Аннотация

Осы мақалада еңбек тақырыбына байланысты орыс және қазақ мақал-мәтелдері мен
олардың ағылшын тіліндегі баламалары қарастырылды. Еңбек және еңбегі жоқтық туралы
паремиялардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері анықталып, сол паремиологиялық бірліктердің
семантикалық компоненттері талданылды. Адамның еңбек ету үдерісін бейнелейтін ағылшын,
орыс және қазақ тілдері мақал-мәтелдерінің материалдары негізінде біз тек сол халықтың
мәдениетімен ғана танысып қоймаймыз, сонымен қатар сол халықтың психологиясы мен
дүниетанымымен танысуға мүмкіндік аламыз. Ағылшын, орыс және қазақ тілдері «Еңбек – еңбегі
жоқтық» тақырыптық тобының паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы
салыстырмалы түрде алғашқы рет талданып отыр. Туыс емес тілдердің «Еңбек – еңбегі жоқтық»
тақырыптық тобының паремиялары салыстырмалы түрде лингвистика саласында әлі күнге дейін
толығымен зерттелмеген. Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмысы ағылшын, орыс және қазақ
тілдері паремияларына ортақ және жеке ұлттық ерекшеліктерін анықтауға септігін тигізіп,
оның практикалық және теориялық маңыздылығын арттыра түспек деп тұжырымдаймыз. Үш
генетикалық жағынан туыс емес паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы
салыстырмалы түрде алғашқы рет талданып, оның ұлттық және тілдерге ортақ маңыздылығы
лингвистикалық, жалпы филологиялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы зерттелді.

Жүктелулер

Как цитировать

Rsaliyeva, Z. (2018). Ағылшын, орыс және қазақ тілдері паремиологиялық бірліктерінің семантикалық сипаттамасы («еңбек – еңбегі жоқтық» тақырыптық тобының материалдары негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 170(2), 127–136. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2223