Әдебиеттегі батырлар бейнесі – ұлттық тәрбие қайнары
Аннотация
Мақалада көркем шығармалардағы батырлар образы қарастырылған. Мұнда ақынжазушыларымыз М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында, Ғ.Қараштың «Сырым батыр» тарихи
жырында, Ж.Тілешовтің «Сырым батыр» дастанында, Ғ.Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» тарихи
драмасында, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында, Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елеңалаң», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогияларында, Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романында
сомдалған Қобыланды, Қабанбай, Бөгенбай, Баян, Сырым батырлардыңкөркем бейнелеріне
әдеби зерттеулермен, тарихи деректермен салыстыра талдау жасалған. Халқымыздың көне
дәуірдегі қаһармандық күресі, тарихи тұлғаларымыздың образы тарихи жырлар мен романдарда
көркемдікпен бейнеленеді. Қаламгерлеріміздің тарихи туындылардағы ерлікті, елдікті, ұлттық
құндылықтарды насихаттау идеясы әдебиетімізде маңызды орын алады. Сондықтан тарихи
туындыларды оқыту арқылы білім беру – халықтың мол тағылымдық мұрасынан сусындату.
Қазақ халқы батырларының қаһармандық бейнесін көркемдеп жасаған ақын-жазушылардың
еңбегін ерлікке балаған автор олардың тарихи туындыларын төл тарихымыздың көркем беттеріне
теңейді, сондықтан қаламгерлеріміздің бұл арнадағы еңбектері ұрпақ тәрбиесіне қосылған елеулі
үлес деп санайды