Ақын-жыраулар поэзиясындағы шариғат негіздері

Авторлар

  • S Daribaiuly әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы: Қазақстан
        26 141

Аннотация

Сөз зергерлері жыр тыңдаған жамағатты шын мәнінде ислам дінінің тұнық қайнарымен
сусындатты. Олар бұл ретте Құран аяттарына, Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (ғ.с.)
пайғамбарымыздың хадистеріне және ислам ғұламаларының еңбектері мен орта ғасырлық
әдеби жәдігерлерге сүйенді. Дүние жаратылысының сырын жыр арқауына айналдырған
Арқадан Атырауға дейінгі дәстүрлі өнер мектептерінің өкілдері өз тыңдарманын жаратылыстың
тылсым сырына үңілдіріп, одан ғибрат алуға үндейді. Бұл мақалада ақын-жыраулардың өлеңтолғауларындағы мұсылман парыздары туралы философиялық ой-тұжырымдары баяндалған.
Адамзат тарихымен мәңгі бірге жасасып келе жатырған тақырыпты зерделеген ақын-жыраулар
өз тыңдаушысын мұсылман парыздарынан ғибрат алуға шақырады. Адамның Алла алдындағы
ұлы миссиясы – жаратылысты, өзін жаратқан Иесін адаспай тануға талпыну болып қала бермек.
Дүние жаратылысының ұлы мақсатын жеткізуге тырысқан ақын-жыраулар жыр тыңдаған
жамағатты шын мәнінде ислам дінінің тұнық қайнарымен сусындатты.

Жүктелулер

Как цитировать

Daribaiuly, S. (2018). Ақын-жыраулар поэзиясындағы шариғат негіздері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 42–47. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2305

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение