Шернияз шығармаларындағы ерлік пен елдіктің мәселелер
Аннотация
Мақалада ХIХ ғасырда өмір сүрген қазақтың арқалы ақындарының бірі, Исатай-Махамбет
бастаған шаруалар көтерілісіне белсене қатысып, оның жалынды жыршысына айналған ақын
Шернияз Жарылғасұлының шығармашылығы қарастырылған. Ол қазақтың ежелден келе жатқан
суырыпсалмалық өнерін мейлінше жетілдіруге, кемелдендіруге зор үлес қосқан ақын ретінде
де ерекшеленеді. Заманның халін, күйін айтқан Шернияздың шығармалары идеялық-көркемдік
ерекшеліктерімен, саяси-әлеуметтік сипатымен қазақ әдебиетінің рухани қазынасын байытуға
үлес қосты. Шернияз поэзиясы шырайлы, құнарлы тілмен замана шындығын жырлап, ел өткенін
екшеп, болашағына көз тіккен ақын ретінде бағаланады. Өлеңдерінің Ел бірлігі, ұлт тұтастығы
дейтін құндылықтарымызды қастерлеуге, асыл қасиеттерімізді қадірлеуге үйрететіні жан-жақты
айтылады.
Қорыта айтқанда, Ерлік пен елдіктің туын биік көтеріп, ар-намыс пен адамшылықты жоғары
бағалап, алауыздық пен екіжүзділікті мінеп-сынайтын ақын өлеңдеріндегі ой-арман «Мәңгілік ел»
идеясы қамтитын бағытпен бағдарлас, мұраттас екендігі сараланып, тұжырымдалған.