Оқытушының кәсіби шеберлігі мен тіл мәдениеті

Авторлар

  • Turabaeva L.K L.K М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ., Қазақстан
        22 136

Аннотация

Мақалада болашақ мамандардың кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары, педагогикалық мәдени қатынасты қалыптастырудың алғышарттары мен ерекшеліктері туралы мәселе қарастырылады. Сондай-ақ жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар, соның ішінде руханилық, тіл мен ойлау сөз болады.
Педагогтардың қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ рухани және шығармашылық қызметті қалыптастыру жолдары түсіндіріледі. Тіл мәдениеті негізінде сөйлеу шеберлігі, ойын дұрыс, жүйелі, әсерлі баяндауы айтылған. Оқытушының коммуникативтік бағыттағы тіл қызметіне мән беруі басты назарда болуы тиіс. Әрбір оқытушының өзіндік тіл мәдениетінің қалыптасуы, тіл техникасын дұрыс меңгеруі, тілдік шеберлігі болуы керек. Ауызша сөйлеу тіл мәдениеті және шешендік өнер арқылы дамитыны белгілі. Болашақ мамандардың кәсіби құзыретттілігі сөйлеу мәдениетін дұрыс игеруден басталады. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекеттері арқылы жүзеге асады. Сөзді қабылдау және ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы. Тіл мәдениетін қалыптастырудың тағы бір жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілерін, көркем әдебиет арқылы меңгеру. Өз ойын көркем етіп жеткізе білу тіл мәдениетін меңгерудің бірден-бір шарты. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны ары қарай дамытуы – мәдениетттің белгісі. Болашақ мамандардың кәсіби шеберлігі оның жан-жақты білімінен байқалады.

Жүктелулер

Как цитировать

L.K, T. L. (2018). Оқытушының кәсіби шеберлігі мен тіл мәдениеті. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2354

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы