Ер мен әйелге ортақ антропонимдердің шығу уәжі мен даму процесі

Авторлар

  • T. Bozekenov әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университеті. Алматы, Қазақстан
        11 0

Аннотация

Соңғы жылдары ер мен әйелге ортақ антропонимдердің шығу уәжі мен даму процесін зерттеу ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр және бұл мәселе қазіргі антропонимиканың дамуы үшін де үлкен маңызға ие. Осыған байланысты, мақалада ер мен әйелге ортақ есімдерді зерделеуге талпыныс жасалған. Атап айтқанда, ер мен әйелге ортақ антропонимдердің лексико-семантикалық типтерін, психолингвистикалық аспектісін және шығу төркіні қарастырылды. Өйткені ер мен әйелге ортақ антропонимдердің барлығы дерлік ұлт болмысын білдірумен қатар, халықтың діни дүниетанымы мен ат қоюға байланысты түрлі наным-сенімдерінен, әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлерінен лингвомәдени ақпарат береді. Есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ecкipy, ер баланың есімі қызға немесе керісінше қыз баланың есімі ұлға арқау болу немесе архаизмге айналу пpoцeci болып отырады. Бұл заңды құбылыс. Қазір ер мен әйелге ортақ есімдер құрамы мен саны жағынан да өте бай әрі көп. Есім қоры негізінен сырттан келген есімдермен (сөздермен) және қордағы бар есімдерді аффикстермен түрлендіру жолымен молайып, толығып отырады. Сондықтан да ер мен әйелге ортақ есімдер әлі де болса үлкен зерттеуді қажет ететіндей. Ғылыми мақалада соңғы жылдары ер мен әйелге ортақ қойылатын есімдердің маңыздылығын да ерекше атаған.

Как цитировать

Bozekenov, T. (2018). Ер мен әйелге ортақ антропонимдердің шығу уәжі мен даму процесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 166(2), 356–360. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2365