Түркі лексикасының орыс тіліндегі көрініс
Аннотация
Тіл арқылы, тілдегі әртүрлі бірліктер арқылы, біз халықтың өмір сүру тәжірибесі мен салтсанасынан хабардар бола аламыз. Түркі тілдері мен славян тілдерінің түбір дәрежесінде де ортақ
дүниесі болуы мүмкін деп жорамалдауға тарихи негіз жоқ емес: көне дәуірдің өзінде-ақ шығыс
славяндар мен хун, бұлғар, куман-қыпшақ ру-тайпалары тығыз араласқандығы тарихтан белгілі.
Олар ертеде де, қазірде де сан жағынан аз болған жоқ. Ресейдің ұлан-ғайыр ішкі және сыртқы
өлкелерін мекендеп келген бұл халықтар мен ру-тайпалары орыс тілінің әсер-ықпалында бола
отырып, өздері де оған әр түрлі дәрежеде әсерін тигізіп келді. Бүгінгі кездегі орыс тіліне сіңіп
кеткен он мыңнан астам түркизмдерді осының айғағы деп айтуға болады. Мақалада бірнеше
жылдық тарихи дамудың үрдісінде көршілес халықтармен жақын қарым-қатынастың нәтижесінде
орыс тіліне енген күнделікті тұрмыста, шаруашылықта, өмірде кездесетін түркизмдердің
лексика-семантикалық ерекшеліктері сөз болып, әр түрлі кезеңдердегі сөздіктерден келтірілген
мысалдар арқылы лексикографиялық, этимологиялық талдаулар жасалады.