Қазақ тілін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде оқыту және лингвоелтаным бағыты

Авторлар

  • Оrazbaeva F.Sh. Bekeyeva N.Zh . Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы
        27 231

Аннотация

Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінде тілді үйретудегі лингвоелтаным бағыты арнайы
зерттеу объектісіне айналып, түрлі қырынан зерттеле бастады. Болашақ маманның кәсіби қарымқатынас дағдысын дамытуда осы ұстанымның тәжірибелік мысалдары мақалаға негіз болды.
Тілді үйретуде кәсіби тілдік қарым-қатынас дағдысын дамытудың ғылыми-әдіснамалық және
әдістемелік негізін жан-жақты зерделеу, мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
уақыт сұранымы болып табылады. Зерттеуде тілді лингвоелтаным бағытында оқыту арқылы
қазақ халқының ғасырлар бойғы жиналған тілдік бай сөздік қорын оның мәдениетімен тығыз
байланыста, болашақ ұрпаққа мұра ретінде сіңіре, қалыптастыра, қолданымдылық қатысым
қасиетіне бейімдей оқыту ұсынылады. Тілдік білімінің сатылай көтерілуіне, жүйелі түрде деңгейлеп
жоғарылауына толық мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс екендігі нақты тәжірибелік мысалдармен
дәлелденеді. Тілді танымдық құрал ретінде оқытудың қай параметрлерін алсақ та, ол, сайып
келгенде, тіл арқылы адамзаттың өзін-өзі тануы және сыртқы қоршаған дүниенің қыр-сырын
ұғып-түсінуі, игеруі. Ұлттың рухани болмысы мен елдің мәдени құндылықтарының мазмұны сөз
өнері арқылы бейнеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Бұл ұстаным негізінде тіл үйренуші айтпақ
ойды нақты және терең жеткізе алады. Бұл бағытта ұсынылған сабақ материалына тек қазақ
халқының мәдени мұрасы деп таным мақсатында ғана қарамай, өз болашағы үшін кәсіби, саясиәлеуметтік мәні бар құрал ретінде таниды;
Қоғамда өзін рухани бай, жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптастырудың маңыздылығын
сезіне отырып үйренеді.

Жүктелулер

Как цитировать

. О. F. B. N. (2018). Қазақ тілін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде оқыту және лингвоелтаным бағыты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 171(3), 190–195. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2404

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы