Әбіш кекілбаевтың шығармаларының көркемдігі мен тілі
Аннотация
Мақалада Қазақстанның әйгілі жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармашылығының көркемдігі мен тілі жөнінде жазылған.
Шығармаларының тіл байлығы, сөз баптауы, қазақ тіліне тән сөз орамдары – Ә. Кекілбаев туындыларының аса бір құнды қырлары болып табылады. Қаламгер шығармашылығының негізгі арқауы – тарихи тақырыпқа арналған. Қазақ әдебиетінде айтарлықтай із қалдырған халық жазушысының кейбір шығармалары мен аудармаларын талдау арқылы мақала авторы қоғам қайраткері, халық жазушысы, жазушылардың бірегейі Әбіш Кекілбаевтың қайталанбас еңбектеріне баға беруге тырысқан.
Әбіш Кекілбаевтың әр туындысы – халық мұрасы болып танылғаны белгілі. Қазақ тіліміз – мемлекеттік тіліміз, рухани байлығымыз. Тіл байлығын барынша ашып, тарих сырларын, өз ойларын толық танытып, оны оқырманға ерекше көркемдікпен жеткізе білген Әбіш Кекілбаев екені сөзсіз.