Әлемнің тілдік бейнесі және стереотип
Аннотация
Мақалада халықтың ұлттық ділінен туындайтын стереотиптер туралы және олардың әлемнің тілдік бейнесімен тамырластығы туралы айтылады. Стереотиптердің түрлері, өзіндік ерекшеліктері, талдау әдістері баяндала келіп, стереотиптердің әлемнің тілдік бейнесінің қалыптасуында ролінің зор екені сөз болады. Бұл екі категорияға берілген айқындамаларда ортақтық, ұқсастық бар екені дәлелденеді. Қазақ бөлімі мен орыс бөлімінде оқитын студенттер арасында эксперименттер жүргізу арқылы (стереотиптерді талдау әдістері бойынша) студенттердің стереотиптер мағынасын түсінуі, өзінің санасында орнықтыруы, өз сөзінде қолдана алуы анықталады. Эксперимент нәтижесі талданып, жіберілген қателіктердің себептері көрсетіледі. Мақаладағы ой кез келген этностың әлем бейнесі туралы пайымы стереотиптер үшін іргетас ролін атқара алатындығымен және стереотиптерді немесе өзге де лингвокультуремаларды талдау ұлттық мәдениеттің өзіндік айырмашылығы мен ерекшелігін, өзгешелігін түсінуге көмектесе алатындығымен тұжырымдалады.