Этникалық тақырыптағы ғаламтор жарияланымның тілдік ықпалын талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph28Аннотация
Ғаламтор әлеуеті мен мүмкіндіктері біртұтас ақпараттық кеңістіктің орнауына, оның ішінде, виртуалды коммуникацияның дамуына кеңінен жол ашты. Түрлі қалалар мен өңірлердегі оқырмандардың ғаламтор желісіндегі публицистикалық жарияланымда көтерілген мәселелер мен автор идеясына байланысты өзара ой бөлісіп, пікірталасқа түсуінде арақашықтық кедергісі жойылды, пікір білдіруші оқырмандар туралы мәліметтер де анонимдік сипатта қалады. Бұдан бөлек, Ғаламтор сайттарында жарияланған мақаланың оқырман танымы мен тілдік санасына ықпалын жарияланым соңында берілетін пікірлерге лексика-семантикалық талдау жасау арқылы зерттеуге де болады. Мақалада жағымсыз этникалық ақпараттың қоғамдық сананың өзгеруіне тілдік ықпалы талданылады. Интернеттегі этникалық ақпарат ықпалында туындаған жағымды және жағымсыз автостереотиптер мен гетеростереотиптердің сандық көрсеткіштері анықталады.