1917 жылғы Қытайда өткен «Манас» жырын айту мерекесінің тарихи мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v173.i1.ph39Аннотация
«Манас» эпопеясы қырғыз елінің жалпы адамзаттың рухани мұрасына қосқан ұлы мұрасы.
Мыңдаған жылдардан бері өзекті түрде, жанды айтылып келе жатқан ұлы «Манас» эпопеясына
қатысты естеліктер бүгінде де болса маңызы ерекше. Қырғызда «Манас» бар жерде қырғыз бар,
қырғыз бар жерде «Манас» бар» деген сөз бар. Аңның сыңарындай, Қытай ел республикасында
аздаған қырғыздардың арасында да «Манас» эпосын ширек миллион сапқа жеткізе айтқан
шалқар манасшылар өткен. Біз бұл мақалада 1917 жылы қазіргі Қытай Халық Республикасының
аймағындағы Қызылсу қырғыз автономиялы облысы Ақши ауданы Қараши ауылында болып өткен
«Манас» айтысының мән-жайы жөнінде мәліметтер беріледі және осы мерекенің Қытайдағы
әйгілі манасшы Жусуп Мамайдың нұсқасындағы «Манас» эпосының қалыптасуына жасаған
маңызды мәні жөнінде ғылыми талдау жүргізіледі, әрі сол жолғы мерекенің нақты жай-жапсары,
маңызы мен ықпалы туралы құнды деректер көрсетіледі.