Қазақ қытай әдебиетіндегі әйел теңсіздігі мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph1Аннотация
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақ әдебиетіне көп көңіл бөлінеді. Ал әдебиетті
дамыту үшін бір жағынан қарағанда тәуелсіздігін алғанға дейінгі көркем шығармаларды сыни
көзқарасымен зерттеу керек, екіншіден жаһандану көзқарасымен қазақ әдебиетін әлемдегі
әдебиетпен салыстыру керек. Қазақстан мен Қытай көне заманнан бір-біріне көрші болды,
қазіргі таңда екеуінің арасындағы қарым-қатынастары да жақсы дамып жатыр, алайда әдебиет
саласындағы байланыстары аз болған, бір-бірінің әдебиетін аз біледі. Әйел теңсіздігі мәселесі XX
ғасырдың қазақ және қытай әдебиетінде маңызды рөл атқарады. Қазақ әдебиетіндегі ең бірінші
жаңа роман әйел теңсіздігі мәселесі арқылы XX ғасырдың басында жазылды, сонымен қатар сол
кезіндегі қытай әдебиеті де әйел теңсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлді, қаламгер әйел теңсіздігі
тақырыбы арқылы ағартушы-демократтық мәселені алға шығарды. Мақаламызда XX ғасырдың
қазақ және қытай әдебиетіндегі әйел теңсіздігі мәселесінің көріністерін салыстырамыз, екеуінің
арасындағы ортақ тұстарын және айырмашылықтарын білдіреміз. XX ғасырдың басында өмір
сүрген жазушылар әйел теңсіздігі тақырыбына қалам тартқанда тек әйелдің мәселелерін
ғана емес, сонымен қатар XX ғасырдың басындағы әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ортаға,
халықтың әдет-ғұрыпын және салт-дәстүрлерін көрсетеді. Сондықтан сол кезіндегі қазақ
және қытай әдебиетіндегі әйел теңсіздігі мәселесін салыстырғанда, қазақ және қытай мәдени
саласындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді жақсы біле аламыз