Шығыс Қазақстан топожүйесін реттеу жолдары

Авторлар

  • Biyarov B.N, Kusmanova К.А С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан, Өскемен қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph17
        43 59

Аннотация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысының топонимикалық кеңістігінің тілдік қабаты
(стратиграфиясы) үш қабаттан тұратындығы салыстырмалы тарихи тұрғыдан талданып көрсетілген.
Атап айтқанда, біріншісі, ерте заманнан бері келе жатқан, осы өлкенің байырғы тұрғындарының
тілінен жасалған түркі қабаты құрайды. Екінші қабат ХІІІ ғасырдан бастап еніп, 1755 жылдарға
дейін, яғни Жоңғария құлағанға дейін, жалғасқан моңғол тілді топонимдерден тұрады. Үшінші
қабатты славян тілдеріндегі топонимдер құрайды. Сондай-ақ, аймақтың топокеңістігін ретке
келтірудің алғышарттары мен жолдары айқындалған. Мақалада аталған мәселелерді шешудің
ғылыми-практикалық жолдары қарастырылған. Ең алдымен, аты ауыстырылуға тиіс нысанды
көзбен көріп, арнайы зерттеу жүргізу арқылы атауыштық қасиетін анықтау керек екендігі
зерделенген. Ол үшін сөз бен топонимнің семантикалық құрылысы салыстырылған. Шығыс
Қазақстан топожүйесінің қалыптасу тарихы ғылыми тұрғыдан талданып көрсетілген.

Жүктелулер

Как цитировать

Kusmanova К.А B. B. (2019). Шығыс Қазақстан топожүйесін реттеу жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 174(2), 118–124. https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph17