Теледидар тіліндегі прецеденттік атаулардың сипаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2019.v174.i2.ph24Аннотация
Мақалада теледидарда ақпараттық мәтіндердегі кездесетін прецеденттік атаулардың жалпы
сипаты туралы айтылады. Мақала авторлары ақпараттық бағдарламаларда жалқы есімдердің
жалпылық мағынада қолданылуына қатысты мысалдарды келтіре отырып, оларды арнайы
топтарға бөліп көрсетеді. Авторлардың айтуынша, қазақ тіліндегі кейбір жалқы есімдердің
жалпылық мағынада қолданылуы ақпарат мәтіндерінде тек стильдік мән үстеу мақсатында
ғана емес, сонымен қатар уақытты ұту мақсатында да қолданылады. Белгілі есімдерді қолдану
арқылы берілетін ақпаратқа қатысты мәлімет толығып, айтылатын ой нақты жеткізуге қызмет
етеді. Авторлар кез келген жалқы есімдер прецеденттік атау бола алмайды деген қорытынды
жасайды. Жалқы есімдердің прецеденттік атауға айналуы уақыттың еншісінде.