ХХ ғасыр Азербайжан ақындары лирикасындағы Физули образы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-3-ph2Аннотация
ХХ ғасыр поэзиясы саяси оқиғалармен қабаттаса отырып түрлі кезеңдерден өтті.
Жиырмасыншы ғасырда Азербайжан әдебиеті түрлі тарихи және әдеби өзгерістерге байланысты
көптеген жаңалықтарға ие болды. Араб, парсы тілдері түркі тілдерінен үстем болып тұрған
кездің өзінде Физули пьесаларын ана тілінде жазуы арқылы ол ұлттық әдебиет пен тілді қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Мақалада Физули мұраларының Балаша Азероглу
және Али Карим шығармаларына тигізген ықпалы туралы айтылады. Физули бұл кезеңде Балаш
Азероглу шығармашылығында ұлттық поэзияның символы сияқты болды. Балаш Азероглудың
«Безумная ива» шығармасы Физулиге және оның кейіпкерлеріне арналған туындысы еді. Ақынның
бұл ағашпен кездесуі оған Физулиді, оның атақты кейіпкерін еске түсіреді. «Безумная ива»
ақылсыздық символына айналады. Али Карим Физули туралы айтқанда оның шығармашылығына
көңіл бөледі. Али Карим Физулиді өзінің «Азербайжан» атты өлеңінде еске ала отырып, оны
«Махаббатың бүкіл нәзік қырларын көре білетін сөздің дүниежүзіне белгілі шебері» деген баға
береді. Мақалада осы мәселелердің барлығы қазіргі заман ақындарының шығармашылығынан
алынған мол материалдар негізінде зерттеледі.
