Қазақ тілінен енген бөгде сөздердің лингвомәдени компоненті

Авторлар

  • Zh.T. Balmagambetova T.V. Stenichkina .

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph16
        45 39

Аннотация

Қазақстан қоғамдастығында жеке тұлға бірден бірнеше этномәдени топтардың
құрамына енеді және ол бірнеше тілдің, мәдениет пен әлем көрінісінің тасымалдаушысы болуы
мүмкін. Мәдениетаралық қарым-қатынас кезіндегі түсіністік әңгімелесушілер бөлісетін ортақ
мәдени тұжырымдамалармен едәуір дәрежеде жеңілденеді. Мәдени-тілдік байланыстар әр
лингвомәдениетте басқа лингвомәдениеттің әсерінен орын алатын құбылыстардың пайда
болуына әкеліп соғады. Өзге тілден енген бөгде сөздер ұлттық мәдениет эталондары мен
стереотиптерінің берілу құралы болып табылады, лингвомәдениетті құраушы семантиканың
ажырамас бір бөлігі екендігін айтуға болады. Орыстілді баспасөзде және Қазақстанның жаңалық
жүргізетін интернет-ресурстарындағы қолданылатын қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдер
материалды талдауға себеп болды. Зерттеу кейбір лингвомәдениетті үндестіктің байқалатынын
көрсетті. Орыс лингвомәдениетінде қазақ халқының мәдени құндылығына ие бөгде сөздер
пайда болуда. Бөгде сөздердің семантикалық тобы шынайы сөздер мен өзге тілді бөгде сөздердің
жартылай сәйкестігін көрсетеді. Маңызды семантикалық, коннотативті мағыналарды түсіну
кезінде біртілді оқырманға түсінуге үнемі қиындық тудыратын және ассоциативтік қатарды
болдыратын қазақ тілінен енген бөгде сөздер белсенді қолданылып жүр. Сонымен, орыс тіліне
қазақ тілінен енген бөгде сөздердің сіңуіне байланысты екі лингвомәдениеттің қатар орналасқан
байланысы жағдайындағы құбылысты лингвистикалық бақылаудың маңыздылығы ұлғаяды.

Жүктелулер

Как цитировать

., Z. B. T. S. (2020). Қазақ тілінен енген бөгде сөздердің лингвомәдени компоненті. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 176(4), 115–121. https://doi.org/10.26577/EJPh-2019-4-ph16