Сәлемдесу-қоштасу сөйлеу формулаларының ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph18
        115 103

Аннотация

Мақалада түрік және араб тілдерінде қоштасудың сөйлеу формулалары қарастырылған. Сөй-
леу этикетінің ұлттық сипаттамалары дамып келе жатқан жүйесін құрайды. Әлеуметтік этикетке
екі фактор әсер етеді – әлеуметтік және лингвистикалық. Әлеуметтік факторларға қоғамның саяси
құрылымындағы өзгерістер, түрлі қоғамдық қозғалыстардың қызметі, ұлттық мәдениеттердің
өзара әрекеті, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы және олардың қоғамдық өмірдегі
маңызды рөлі жатады. Тілдік факторлар тіл жүйесіндегі өзгерістермен байланысты. Олардың
ішіндегі ең бастысы – сөйлеушінің уақыты мен күшін үнемдеу үрдісі. Барлық тілдерде сәлемдесу
мен қоштасу жағдайы өте күрделі, оның ішінде тілектердің мағынасын білдіретін бірнеше
сөз тіркестері, бөлінетін сөздер, ризашылық, жағдайды бағалау, шақырулар, байланыстарды
жалғастыруға ниет білдіру, серіктеске қамқорлық жасау. Сәлемдесу-қоштасу сөйлеу актісі түрік
және араб халықтарының коммуникативті мәдениетінде маңызды рөл атқарады. Сәлемдесу мен
қоштасу формулаларында көптеген ұқсастықтар бар. Күнделікті өмірінде түріктер мен арабтар
сәлемдесу мен қоштасу үшін көптеген достық формулаларды қолданады. Сәлемдесудің сөйлеу
компоненті сәлемдесу формулаларынан тұрады, оларды қолдану белгілі бір уақыт аралықтарына
бағытталған: таңертең, кешке, ұзақ уақыттан кейін жиналыс, бірінші рет сөйлескеннен немесе
сапардан оралғаннан кейін.

Жүктелулер

Как цитировать

., E. D., Mamedova, F., & ., B. B. (2020). Сәлемдесу-қоштасу сөйлеу формулаларының ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 129–135. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph18