As if және as though жалғауларымен жасалатын күрделі сөйлемдердің синтаксистік-семантикалық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph27Аннотация
Мақала лингвистикалық әдебиеттерде әртүрлі түсіндірілетін as if және as though жалғау-
лықтары арқылы жасалатын күрделі конструкциялар жайлы қарастырады. Аs if және as though
жалғаулықтарының семантикалық екіұштылығы зерттеушілерге бағыныңқы сөйлемдерді нақты
емес салыстыру элементтері бар бағыныңқы сөйлемдер мен іс-қимыл сипаттағы бағыныңқы
сөйлемдер ретінде қарастыруына мүмкіндік береді. Синтаксистік тұрғыдан алғанда, қарастырылып
отырған конструкциялар предикаттық, пысықтауыштық және аппозитивтік бағыныңқы
сөйлемдерді қамтиды және сөйлемдердің әрбір синтаксистік түрі жеке қарастырылады. Мақала
авторы as if және as though жалғаулықтары арқылы жасалатын конструкцияларды нақты емес
салыстыру элементтері бар күрделі сөйлемдер ретінде қарастыру заңдылық деп есептейді. Себебі
жалғаулықтардың семантикалық құрылымында салыстыру, болжам және шарттылық семалары
кездеседі. Өзгеру тәсілі, сонымен қатар күрделі сөйлемдердің лексикалық, грамматикалық
және пунктуациялық ерекшеліктеріне жасалынған талдау бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық
синкретизм арқылы сипатталатынын көрсетеді: нақты емес салыстырулармен қатар олар іс-
қимыл сипаты, себеп, мақсат, келісім және сапалық сипаттамаларды да білдіре алады. Автор
as if және as though жалғаулықтары арқылы жасалатын бағыныңқы сөйлемдердің мағыналық
синкретизмі нақты емес салыстыруы бар конструкциялардың айрықша белгісі деп қарастыруды
ұсынады, ал бұл оларды жеке топ ретінде бөліп қарастыруға негіз бар екенін білдіреді.