Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы жасалған компьютер терминдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph29Аннотация
Мақалада қазіргі техниканың дамуына байланысты, сонымен қатар ғылым, білім беру
салаларының барлығы да компьютер арқылы жүзеге асуына байланысты қолданылатын тілдік
бірліктердің көбі компьютерді пайдалануға қатысты сөздер екендігі айтылады. Қазіргі кезде
компьютермен жұмыс істеуші қазақтілді қызметкерлердің бәрі орыс тіліндегі сөздер арқылы
техникамен жұмыс жасайды. Бұл компьютердің негізгі жұмыс істеу тілін дайын күйінде
пайдаланатындығын көрсетеді. Дегенмен, бұлай жалғастыру тіл қолданушылардың лексиконын
шұбарлап жатқандығын айғақтайды. Осыны ескере отырып, болашақта компьютер тілін
қазақшалау қажет деген ұсыныс бар. Ол үшін бүгіннен бастап, қазақша атауларын қалыптастыру
қажет. Мақалада компьютер терминдерінің қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы
жасалған сөздері талқыға салынып, нәтиже шығарылды. Ал халықаралық терминдер сол
күйінде қалдырылып, орысша берілген атауларды қазақшалау қажеттігі бүгінгі күн талабынан
туындап отырғандығы сөз болды. Тіл білімінде, терминтануда ғалымдар терминжасам тәсілдерін
түрліше жіктейді. Бірқатар ғалымдар терминжасам (терминообразование) тәсілдерінің бірінің
басын біріктіріп, термин шығармашылығы (терминотворчество) деп атайды. Біз осы пікірдегі
ғалымдарды қолдаймыз. Терминдік жүйені жасауда терминжасамның әлемде ең кең тараған
төрт түрлі тәсілі пайдаланылады, олар: 1) терминжасам (сөзжасамның түрлі тәсілдерін пайдалану
арқылы), терминдену (термин емес сөздердің терминдер қатарына өтуі), 3) қайта терминдену
(өзге саланың дайын терминін пайдалану), 4) терминалмасу, халықаралықтандыру (өзге тілдерден
дайын терминдерді қабылдап алу т.б.