Кәсіби орыс тілі сабақтарындағы жобалық қызмет

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph30
        53 57

Аннотация

Соңғы жылдары тілдерді оқытуда белсенділікке негізделген тәсілге ерекше назар
аударылуда. Мақаланың мақсаты – жаратылыстану мамандықтарында оқитын бакалаврларын
кәсіби орыс тілін оқытудағы белсенділік тәсілін зерттеу. Мақалада кәсіби орыс тілін оқытуда
кәсіби қарым-қатынасқа мүмкіндігінше жақын жағдайларда арнайы тілді қолдану мақсатында
студенттердің жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру және өткізу әдістемесі ұсынылған. «Кәсіби
орыс тілі» курсының мақсаты, міндеттері мен мақсаты айқындалады. Лингводидактикалық
ұстанымдардан нақты жобалық жағдайға жақын жағдайларда тілді қолдануға негізделген
«жобалық іс-әрекет» ұғымының мәні ашылады; студенттердің өзіндік жұмысына (жеке және
топтық) назар аударылады; студенттерді қызықтыратын және жоба жүзеге асырылатын
жағдайларға тікелей байланысты тақырыптар таңдау; тілдік материалдарды, тапсырмалардың
түрлерін таңдау, жобаның тақырыбы мен мақсатына сәйкес жұмыстың ретін құру, нәтижені
көрнекі түрде көрсету сияқты мәселелер қарастырылады. Сөйлеу әрекетінің басым түріне
байланысты жобалардың типологиялық топтарының жіктелуі берілген: зерттеу, шығармашылық,
рөлдік, ақпараттық, жобаға бағытталған. Рөлдік бизнес-жобаны сипаттауға ерекше назар
аударылады. Талдау көрсеткендей кәсіби орыс тілін оқытуда жоба технологияларын қолдану
интеллектуалды, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға ықпал
етеді.

Жүктелулер

Как цитировать

., A. T., ., S. T., & Zuyeva, N. (2020). Кәсіби орыс тілі сабақтарындағы жобалық қызмет. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 224–229. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph30

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы