ЖАОК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ мұғалімдерін дайындау үрдісіндегі білім беру ортасының бір бөлігі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph26Аннотация
Мақала білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдерін, жаппай ашық онлайн-курстарды пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру формаларын талдауға арналған. Мақаланың басты мақсаты – көпшілік ашық онлайн-курстардың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау, сондай-ақ, білім алушылардың өз бетінше білім алу мәнін және оның кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлін түсінуге бағытталған электрондық кәсіби бағытталған компоненттерді қолдана отырып, оқытудың әдістері мен форматтарын практикалық қолдану тәжірибесін қорыту. ЖАОК пайдалану, сондай-ақ олардың дәстүрлі білім беру жүйесіне кірігуі авторлардың пікірінше, оқу-тілдік материалдың жоғары ақпараттылығы мен ақпараттық сыйымдылығын (электрондық оқу және әдістемелік материалдар, лекциялар конспектілері мен бейне сабақтар) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, оқу процесін жаппай дараландыруды іске асырады және болашақ орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерін дайындау үшін оңтайлы жағдай жасауға ықпал ететін болады.