Болашақ маман дайындауда тезаурусты міндетті құрал ретінде қарастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph14
        48 57

Аннотация

Мақала болашақ маманның тезаурусын қалыптастыру мәселесіне арналған. Онда «тезаурус» терминінің анықтамаларына қысқаша шолу жасалады. Жұмыста заманауи терминологиялық сөздіктер, атап айтқанда арнайы сөздіктер – тезаурустар мамандарды кәсіби даярлау саласында ерекше өзектілікке ие екендігі баса айтылған. Осы мәселе бойынша ғылыми ақпаратты жалпылау және жүйелеу негізінде зерттеушілер болашақ маман даярлау профилінде белгілі бір пәннің оқу-әдістемелік кешенінің қажетті компоненті ретінде тезаурусты құрудың мүмкін жолдарын ұсынды. Тілдік тұлғаның маңызды құрамдас бөлігі ретінде болашақ маманның тезаурусын қалыптастыру және жетілдіру негізінде оны даярлау сапасын арттыру қажеттілігі ерекше атап өтілді. Авторлар арнайы сөздікті (тезаурусты) қалыптастыру мақсатында бейіндік пәндерді (атап айтқанда, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру шеңберінде) кезең-кезеңімен, жүйелі және терең зерделеу болашақ филологтың кәсіби даярлығының сапасын арттыруға ықпал ететінін көрсетуге талпыныс жасады. Иллюстрация үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Орыс филологиясы» (магистратура, докторантура) мамандығы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламаларынан пәндердің мысалдары келтірілген. Қорытындылай келе, авторлар жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің тезаурусын сәтті қалыптастыру үшін мамандық бағыты бойынша білім беру бағдарламасының берілген пәндерінің кең спектріне сүйену керек деген қорытындыға келеді, бұл кәсіби тезаурустың мазмұнын неғұрлым толық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Sayakhmet, S. S., & Tumanova, A. B. (2021). Болашақ маман дайындауда тезаурусты міндетті құрал ретінде қарастыру. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 127–134. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph14

Шығарылым

Бөлім

Языкознание