Мемлекет имиджінің тілдік санадағы көріністерін зерттеу тәжірибесінен

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph15
        36 52

Аннотация

Мақалада масс-медиа жарияланымдарындағы этностереотиптердің тілдік санадағы көрінісі, мемлекет имиджі қалыптасуындағы орны қарастырылады. Тегі, тілі, менталитеті, тарихи, рухани құндылықтары бірлігімен бірге отаншылдық рухы тұрғысынан да тұтас елдің өзін бір ұлтпен сәйкестендіріп, ұлттық бірегейлікті сақтауында жоғарыда көрсетілген имидждер ішінде ұлт имиджі басты орын алады. Ұлттың я мемлекеттің жағымды образы, әлемдік деңгейдегі орнының болуы оның халқының мақтаныш сезімін тудырып қана қоймай, оның ішкі бірлігіне, тұтастығына ықпал етеді. Зерттеу нысанына нақты авторлардың этникалық тақырыптағы жарияланымдарында тұжырымдалған жағымсыз стереотиптер алынды. Мемлекет я ұлт имиджіне қызмет ететін әлеуметтік, экономикалық және мәдени көрсеткіштер қатарының насихатталуында масс медианың орны айырықша деуге болады. Ол қайсыбір этникалық қауымдастыққа байланысты көпшілік санасында туындайтын бірдей ассоциациялар мен біршама тұрақты стандартты түсініктер ретінде қарастырылады. Мемлекет имиджі мен осы мемлекетке ұйытқы ұлт имиджі өзара астасып жататыны мақалада келтірілген зерттеушілер пікірлері мен мысалдардан айқын көрінеді. Әсіресе, мемлекет атауы оны құрайтын ұлт атауы – этнониммен сәйкестікте табылғанда олар бірін-бірі толықтырып тұрады. Масс медиа өнімінен алынған этностереотиптердің тілдік санадағы көріністерін зерттеу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Респонденттерден алынған сауалнама мәліметтеріне сандық және сапалық талдау жасалады. Зерттеу нәтижесінде этностереотиптердің тілдік санадағы құрылымдануы, мәдени және менталдық ерекшеліктері, өткіншілік (уақытша), мифтік сипаттары анықталады. Масс медиа өніміндегі этностереотип мазмұнының әлеуметтік тілдік санада талқылануы бірдей емес. Этникалық тақырыптағы ақпараттар мазмұнында қамтылатын стереотиптердің мемлекет имиджіне, ұлттың ұйысуына әсері тұжырымдалады.

Жүктелулер

Как цитировать

Taussogarova, A. K., & D. Tuzelbayeva, D. . (2021). Мемлекет имиджінің тілдік санадағы көріністерін зерттеу тәжірибесінен. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 181(1), 135–142. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph15

Шығарылым

Бөлім

Языкознание