Жастар тіліндегі ауызекі сөйлеу диалогының ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph8
        82 76

Аннотация

Мақалада ауызекі тіл өмірде айтылып қана қоймай, сонымен қатар, өзінің жинақталған құрылымдық қалпы болатындығы айтылады. Көркем құрылымда ауызекі сөйлеу тілі басқаша болып өзгереді. Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формада жүзеге асып отыратындығы мақалада мысалдар арқылы нақтыланады. Әдеби көркем шығармалар ауызекі сөйлеу тіліне диалогтар арқылы бағытталатыны дәйектеледі. Өзінің спецификалық айырмашылықтары бола тұрса да, кейбір көркем шығарма тілдері диалогтары арқылы күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің стилистикалық қатарынан орын алады. Сонымен қатар мақалада, жастар тіліндегі ауызекі сөйлеу диалогының ерекшеліктері мен қолданыс мақсаты айқындалады. Зерттеу жұмысының өзектілігі қазақ диалогының ерекшеліктерін танумен, оның коммуникативтік қырын аңғартумен байланысты. Осы негізде жастардың көркем шығарма мен ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогтары алынып, коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері талданады. Жастардың ауызекі сөйлеу тіліндегі диалогтардың прагматикасы мен стилистикалық ерекшеліктері, диалогта қолданылатын тілдік бірліктерді үнемдеу құбылысы да жастар тілінен алынған мысалдар арқылы дәйектеліп, түсіндіріледі. Жалпы тіл біліміндегі диалогтың зерттелімі мен құрылымдық типтеріне, мағыналық жіктелісі мен коммуникативтік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, диалог теориясының лингвистикалық қыры сараланады. 16-30 жас аралығындағы жастар диалогының келешегіне қатысты ғылыми пайымдаулар жасалады.

Жүктелулер

Как цитировать

Smagulova, G. N., & Ramazanov, T. B. (2021). Жастар тіліндегі ауызекі сөйлеу диалогының ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 65–73. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph8

Шығарылым

Бөлім

Языкознание

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають