Ұлттық кодтың тарихи санаға әсері.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph14
        41 116

Аннотация

Мақалада әдебиеттің даму тарихындағы көркемдік ойлау жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру сөз болады. Бұған жалпы, классикалық бастаудан бөлек әр ұлт әдебиетінің ішкі потенциалы ықпалын тигізді. Көркемдік ойлау адам баласының танымдық қабылдауын, фантазиясын кеңейтті. Қай халықта болсын сөз өнерінің табиғаты тым тереңде. Адам баласы жалпы тіл, сөз өнерінің ерекше қасиетін ерте аңдап, оның мән-мағынасын дәуір жылжыған сайын тереңдетіп отырған. Тіпті сөздің күші халықтың тұрмыс-салтының, діни сенімінің де көрінісіне айналды. Өздерінің тұрмыс-тіршілігіндегі дәстүрді, ұлттық-этнографиялық ерекшеліктерді сөз арқылы бейнелеп, оның белгі, ишара, таңба түріндегі сан қырлы ерекшелігін толықтырып отырған. Сөздің магиялық сипатын ерекше дәріптеп, өздерінің тұрмысында орныққан дәстүр, ырым-жоралғы, салттың көрінісін әртүрлі сөз формалары арқылы жеткізген. Бұл халқымыздың фольклорлық жанрларында бастау алды. Осы ерекшеліктер жинақтала келе, ғасырлар кеңістігінде орнығып, бүгінге дейін жетті. Халық өзінің таным дүниесіндегі, жадындағы түсініктерді, көне бейнелерді үнемі жаңғыртып, оған оралып отырды. Бұл әрі қарай ұлттың қалыптасуын, оның тарихын, әлеуметтік-саяси жағдайын, мәдени құбылыстарды айғақтайтын тұрақтылыққа ойысты. Сөйтіп, халық болмысында бекіген ұлттық код пайда болды. Оның мән-маңызы ұлттық санадағы құбылыстардың қасиетін саралап, оның өткендегі және болашақтағы рөлін бағамдау, сол арқылы ұлт келбетінің бірегей болмысын таныту. Түйін сөздер: ұлт, тарих, сана, метафизика, код, тұлға.

Жүктелулер

Как цитировать

А. Dalelbekkyzy А. ., & Yıldız, N. . (2021). Ұлттық кодтың тарихи санаға әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph14

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение