Поэтикалық мәтін мен дискурсты аудармашылық тұрғыдан талдау ерекшелігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph19
        53 60

Аннотация

Поэтикалық шығармаларды аударма арқылы қабылдау және түсіндіру тауқыметі аударманың өзекті мәселелеріне арналған көптеген зерттеулерде қарастырылған, бірақ пікірталастар тоқтар емес. Мұндай дау ежелден бері жалғасып келеді, оның негізінде тілдердің табиғаты мен құрылымдарының ерекшеліктері мен заңдылықтары жатыр. Аударма туралы көптеген еңбектерде осы орайдағы тұжырымдардың жалпылығы көп, нақтылығы мен дәлдігі аздау. Бұл жағдайлар мәселені одан гөрі қиындатады. Еліктеу, импровизация, профанация, қайта жаңғырту, парафраз, тікелей, сөзбе сөз аударма маңайындағы ұғымдар әрдайым орынды қолданыла бермейтіні өкінішті. Ал көпшілік қабылдаған форенизация мен доместификация, ауыстыру және бейімдеу, ыңғайландыру, икемдеу сияқты түсініктерді жөнімен қолдану жағдайды нақтылар еді деген пікірдеміз. Осындай амалдар поэтикалық аударманың қиындығын азайтып, аударманың сапасы мен нәтижесіне оң әсер ететіні күмәнсіз. Көркем аударманы жетілдіруге арналған қолданыстағы ғылыми және сыни әдебиеттерге талдау жасау арқылы аударматануда поэтикалық мәтінді аудармашылық тұрғыдан алдын ала арнайы талдаудың тиімді және нәтижелі әдісін қалыптастыруға деген жалпы ниет бар екені анықталды. Түпнұсқа мен аударма мәтінінің мазмұны мен формасының мүмкіндігінше толық сәйкестігіне, барабарлығына қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге деген ұмтылыстың бағыттары нақтыланды. Аударма тарихынан поэтикалық мәтінге қатысты әрқилы шетін, оқшау көзқарастар белгілі, оларды негізін танып, ескеріп отырған жөн. Бір кездері өлең аударуда ерекше дәлдікке жету үшін тырысқандарды әріпшілдігі, көркем мағынаны сөзбе-сөз қабылдағаны және үстірт түсінгені үшін айыптады. Сондықтан поэтикалық аудармадағы әріпшілдіктің алдын алу мәселесі бүгін де күн тәртібінде өткір тұр. Сөзбе-сөз, жолма жол аударма көбінесе түпнұсқаның мазмұн мен эстетикалық әсерінің, авторлық ұстанымның бұрмалануына әкеледі, яғни поэзиялық туындының әсері азаяды, ал мәтіндер арасындағы алшақтықтар, ондағы ойлар мен әрекеттердің сәйкес келмеуі поэтикалық тәржіманың сапасына кері әсер ететіні байқалды. Көркем шығарманың жазбаша аудармасын тәржіман мен оқырманға түсінікті етіп оңтайландыруға барынша тырысу да қауіпті, өйткені көркем аударманың оқырмандарды өзге мәдениетпен таныстыруға бағытталған міндеті мен мақсаты да есте болғаны абзал. Түйін сөздер: поэтикалық мәтін, көркем аударма, аудармашылық талдау, дискурс, мәтін бірліктері.

Жүктелулер

Как цитировать

Musaly, L. Z., Yessembekov, T. ., & Iskakova, G. N. (2021). Поэтикалық мәтін мен дискурсты аудармашылық тұрғыдан талдау ерекшелігі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph19

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода