Алматы қаласының ойкодомонимдеріндегі заманауи тенденцияларға аналитикалық шолу
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph11Аннотация
Осы мақалада Қазақстан мегполисі Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің атауларын зерттеу нәтижелері, атап айтқанда, ойкодомонимдерді қалыптастырудағы заманауи тенденциялар анықталды. Транслитерацияланған және транслитерацияланбаған атаулар туралы деректер Базис-А, Нов-эк, RAMS, QazaqStroy, BI-Group, Exclusive, KSS және тағы сол сияқты, Алматы қаласының, құрылыс компанияларының дерекқорынан, сондай-ақ 2GIS, Yandex map, Google map онлайн карталарынан және алып-сату сайттарынан алынған. Талдау барысында сандық және сапалық әдістер қолданылды. Алынған мәліметтер оң семантикасы бар және “сәнсалтанат” семантикасы бар транслитерацияланбаған атауларды құрудың пайдасына белгілі бір тенденцияны анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тенденция қазақ тілінде транслитерацияланған атауларды құрудың қарама-қарсы тенденциясымен қатар жүреді. Барлық атаулар өзіндік ерекшелігімен және негізінен тұрғын үй кешендерінің архитектурасының стилін көрсететін, оң семантикаға ие қосымша компоненттердің арқасында ерекшеленеді. Сандық талдау ойкодомонимдердің алуан түрлілігін көрсетеді. Осыған байланысты дамып келе жатқан бағытты – неймингті атап өту қажет, ол көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың (оның ішінде тұрғын орындар, тұрғын үй кешендері, пәтерлер және т.б.) кеңейіп келе жатқан нарығының қазіргі жағдайында қарқынды дами бастағаны анық. Түйін сөздері: жалқы есімдер, номинация, ойкодомонимдер, классификация, тенденция.