Магистратура мен досторантураға түсушілердің аналитикалық ойлауын бағалау: Қазақстан тәжірибесі

Авторлар

        122 152

Аннотация

Бұл мақала Қазақстан Республикасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін кешенді тестілеуді өткізу тәжірибесін талдауға арналған. Кешенді тестілеуді өткізудің үш жылдық тәжірибесі тестілеудің сапасын жақсарту үшін де, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттарының сапалық құрамын арттыру үшін де шешуді талап ететін бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Мақала авторлары тестілеу бөлімдерінің бірі – сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын бағалауға арналған оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті (ОДАТ), яғни болашақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми және эксперименттік жұмысты сапалы жоспарлау және жүргізу қабілетін зерттейді. Зерттеудің мақсаты - аналитикалық дағдыларды қолдану үшін тест тапсырмаларын құрастырудың проблемалық аймақтарын анықтау және тест тапсырмаларын құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Авторлар деректерді жинау мен өңдеудің сандық және сапалық әдістерін қолданады, мысалы, статистикалық өңдеу,  сарапшылардың пікірін зерттеу, апелляциялық шағымдарды түсіндіру және т.б.. Зерттеу нәтижесі тест тапсырмаларының сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар болып табылады. Бұл зерттеудің ерекше құндылығы - бұл Қазақстан Республикасындағы сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын бағалау тәжірибесін зерделеуге және жүйелеуге жасалған алғашқы әрекет. Бұл зерттеудің практикалық мәні - орындалған жұмыстың нәтижелерін тек тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшылар, апелляциялық комиссияның сарапшылары ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсушілер де пайдалана алады. Мақала материалдары оларға тестілеудің сипаты мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, тестілеуден өтуге дайындалуға және апелляциялық өтінішті сауатты қалыптастыруға көмектеседі.

Жүктелулер

Как цитировать

Shinetova, L. E., Altybayeva, S. B., Beisenova, Z. Z., & Novitskaya, Y. V. (2023). Магистратура мен досторантураға түсушілердің аналитикалық ойлауын бағалау: Қазақстан тәжірибесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 221–232. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/3848

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы