ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ повестеріне мифопоэтикалық талдау
Аннотация
Қазіргі қазақ прозасында орыс тілінде жазылған шығармалардың маңызы зор. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы орыстілді қазақ прозасы қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ мәдениетінің де тарихи фактісіне айналды. Қазақ орыстілді әдебиет өкілдері жаңа шындықты көркемдік құралдар арқылы түсінуге талпыныс жасайды, алыс тарих суреттерін жаңғыртады. Қазақ әдебиеті қашанда халық дәстүріне, сан ғасырлық мәдени мұраға арқа сүйегендіктен өзінің ұлттық болмысын сақтай білді. Мақалада С.Санбаев пен Ә.Әлімжанов әңгімелеріндегі негізгі мифологиялық мотивтер мен бейнелер қарастырылған. Олардың авторлық мифологизмінің ерекшеліктері, мифтің қазіргі заман контекстіндегі рефракциясы зерттеледі. Көркем шығарманың философиялық астарын және тұтастай автор ниетін түсіну үшін мифопоэтикалық әдісті қолданудың қажеттілігі негізделеді. Автор шығармалардағы кейіпкерлер есімдерінің символдық мәнін талдап, қарттың архетиптік бейнесін, соқырлық пен көрегендік мифологиясын, этиологиялық және тотемдік мифтерді тәңіршілдік мотивтермен астасып жатыр. Мақалада адам мен табиғаттың тығыз байланысы синкретикалық мифологиялық сана рухында негізделеді. Қорытындылай келе, автор мәтінді түсіндіруде бұл әдістің артықшылықтарына тоқталады.
Түйін сөздер: миф, мифологема, архетип, образ, мифопоэтика.