Ілеспе аудармадағы вербалды және психологиялық мәселелер

Авторлар

        73 137

Аннотация

Мақалада ауызша аударманың күрделі бөлігін құрайтын түрі ілеспе аударманың лингвистикалық және психологиялық мәселелері қарастырылады.

 Ауызша аударманың лингвистикалық, писхологиялық тұрғыда теориялық зерттеулері басшылыққа алынып, соның нәтижесінде ауызша аударма, оның ішінде ілеспе аударманың практикалық қолдануының лингвистикалық, яғни просодикалық, акустикалық және психологиялық ерекшеліктері зерттелінді.

Талданған материал академиялық мақсатта болған сабақтарда «Синхронды аударма» мамандығының магистранттары аударған ауызша мәтіндер диктофонның көмегімен жазылып алынды.

Жинақталған, сұрыпталған материал Praat бағдарламасы арқылы фонетикалық талдаудан өтіп, ілеспе аударманы жүзеге асырған аудармашының уақыт, тонның негізгі жиілігіне, тон қозғалысының модификациясына лингвистикалық талдау жүргізілді. Психологиялық зерттеу ауызша аудармамен машықтанатын аудармашылардың жұмыс ерекшелігін ашуға, ілеспе аударма барысында туындайтын қиындықтарды жеңу үшін қолданылатын жаттығуларды қарастыруға бағытталған.

Зерттеу барысында алынған нәтижелерді ауызша аударма мамандығы бойынша дайындайтын мамандарға, осы бағыттағы зерттеулерге өз үлесін қосады, себебі ауызша аудармада туындайтын ауызша аударма стратегиялары аударма сапасын жақсартуға септігін тигізеді, яғни атап айтқанда, перифраза, өзін өзі түзету (self-correction), аударма мәтінін жұмсарту (mitigation), қосу (addition), алудың (omission) жиілігі, пайыздық көрсеткіші бұған дейінгі зерттелінген жұмыстармен сәйкес келеді.

Өз кезегінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ тіліндегі ауызша аудармаға қатысты материал жинақтау және зерттеу жоқтың қасы, сонымен қатар әдістемелік қолдауды қажет етеді.

Түйін сөздер: ауызша аударма, ілеспе аударма, тыңдалым, сөйленім, просодика, интонация, психология

 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Karagoishiyeva D. А., Umatova, Z. M., & Yskak, G. T. (2023). Ілеспе аудармадағы вербалды және психологиялық мәселелер. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 189(1), 219–229. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4171