Пандемия жағдайындағы цифрлық білім алу және Қазақстандағы жағдай: ағымдағы жай-күйі мен болжамдар

Авторлар

        241 167

Аннотация

Интернет адамзат қызметінің барлық салаларын өзгертті және білім беру саласы да өзгерістерге ұшырады. Оқытуда интернет-технологиялардың дамуымен бірге «цифрлық білім беру» жаңа термині де пайда болды. Бұл мақалада Covid-19 пандемиясы кезіндегі цифрлық білім берудің негізгі артықшылықтары сипатталған. Пандемия кезінде адамдар қысқа мерзімде өмірлерін қазіргі жағдайға бейімдеуге мәжбүр болды.

Covid-19 пандемиясы бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да жоғары білім беру мекемелерінің жұмысын тоқтатты. Оқу процесінің мәжбүрлі трансформациясы қазақстандық жоғары оқу орындары үшін оқытудың барлық форматын өзгертуде де, материалдық қамтамасыз ету тұрғысынан да үлкен сынақ болды. Сонымен қатар, университеттердің қызметі білім беру процесін цифрландыру алдыңғы қатарға шыққан кезде бүкіл оқыту жүйесін реформалауға қуатты ынталандыру алды. Мақалада сипатталған кезеңде дамыған платформаларға шолу жасалады (Zoom, Microsoft Teams, Google Classroom, Kundelik және т.б.). 2010 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары, студенттері мен қызметкерлерінің жұмысы үшін ауқымды алаң болып табылатын «univer.kaznu.kz» платформасын талдауға ерекше назар аударылды.

Түйін сөздер: виртуалды сыныптар, онлайн-этикет, білім берудегі цифрлық трансформация, қашықтықтан оқыту, пандемия, карантин, мектептің онлайн форматы, университеттің онлайн форматы.

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmanbek, Y. D., Ibrayeva, Z. K., & Warditz, V. M. (2023). Пандемия жағдайындағы цифрлық білім алу және Қазақстандағы жағдай: ағымдағы жай-күйі мен болжамдар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 191(3), 199–207. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4250

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы