A2 деңгейінде сөздік қорды байыту үшін "BBC learning English" подкасттарын қолдану
Аннотация
Тіл сөзбен ғана өмір сүреді. Сөз болмаса - бұл тіл мәселесіне айналады. Сол себептен, біз сөздік қорды қалай жақсарту туралы зерттеу жұмысын жазу тіл үйренушілерге пайдалы болады деп ойладық. Бұл зерттеуде біз BBC подкасттарын қолдану оқушылардың басқа қарапайым тыңдау материалдарына қарағанда лексиканы үйренуге көбірек көмектесетінін зерттедік. Әдетте, мектепте грамматика мен оқу дағдыларына көбірек көңіл аударуға басымдық береді, сондықтан сөздік қоры маңызын жоғалта бастайды. Дегенмен де, оқушы жеткілікті лексиканы білместен қалай тілді қолдана алады? BBC подкасттарының оқушы үшін қаншалықты пайдалы болатынын түсіну үшін біз Алматыдағы №126 гимназияда тәжірибе өткізіп, екі топқа бөліндік. Бір топ BBC подкасттарының көмегімен барлық жаттығуларды өткізсе, ал екінші топ BBC подкасттары оқушылардың сөздік қорына көбірек әсер ететінін білу үшін курс кітабының аудио файлдарын қолданды. Екі топ та бастапқыда оқушылардың деңгейлерін көру үшін алдын-ала тест алды. Олардың деңгейі өседі ме деген сұраққа жауап алу үшін экспериментке дейінгі тест, эксперименттен кейінгі тест, сауалнамалар және BBC подкасттарымен жүргізілген тәжірибелер практика кезінде қолданылды. Зерттеу нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарының жетістіктері арасындағы кішкене айырмашылықты көрсетті. Фокус топтағы эксперименттен кейінгі тесттің орташа баллы (85), бақыланатын топтағы эксперименттен кейінгі тесттің орташа баллынан (75,08) жоғары болды.
Кілт сөздер: Подкасттар, BBC подкасттары, аралас қабілетті оқыту, мотивация