МЕТАФОРА И МЕТОНИМИЯ В НЕОФИЦИАЛЬНЫХ ИМЕНОВАНИЯХ ГОРОДСКОГО ПРОСТРАНСТВА

Авторлар

Аннотация

ҚАЛАЛЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙРЕСМИ АТАУЛАРЫНДАҒЫ МЕТАФОРА МЕН МЕТОНИМИЯ

Әрбір нысанның жалқы атауы белгілі бір функцияны, атап айтқанда дифференциация және идентификация қызметін атқарады. Ұзақ уақыт бойы кісі есімдері мен топонимдерге арналған зерттеулерге баса назар аударылып келсе де, қалаішілік кеңістік нысандарына, әсіресе урбанонимдерге қатысты зерттеулер сирек жүргізілді. Бұл мақалада екінші номинация мәселелеріне, яғни бейресми атауларға арналған теориялық жұмыстармен қатар олардың практикалық қырларына да ерекше назар аударылады.
Деректерді жинақтау, сондай-ақ метонимиялық және метафоралық ауыспалар арқылы атаулардың астарлы мағыналарын жіктеу де маңызды орын алады. Салыстырмалы, лексика-семантикалық және құрылымдық талдау әдістері Қазақстанның мегаполистері – Астана және Алматы қалаларына қатысты урбанонимдерді салыстыруға, олардың ортақ заңдылықтары мен айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеліп отырған материалды талдау барысында қолданылған социологиялық сауалнама мен толық қамту әдісі қала тұрғындарының сөйлеу тілінде бейресми урбанонимдердің нақты қолданылуын және олардың расымен бар екенін анықтауға септігін тигізді. Аталған жұмыстың практикалық нәтижесі ретінде Қазақстан мегаполистерінің бейресми урбанонимдерінің тізімін жасау, сондай-ақ туристерге, ел қонақтарына, туризм саласының мамандарына және ең алдымен ономастика саласының немесе кеңірек айтқанда, тіл білімінің мамандарына пайдалы болатын бейресми урбанонимдер сөздігін және олардың шығу тарихын құрастыру ұсынылады. Зерттеу нәтижелерін қазақ және орыс тілдерінің корпусын жасау және бейресми ономастикалық лексиканы толықтыру мақсатында пайдалануға болады.

Түйінді сөздер: урбанонимдер, метафоралық ауыс, метонимиялық ауыс, екінші атау

Авторлардың биографиясы

Загия Кайдаулова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кайдаулова Загия Толегеновна – PhD-докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: zagiya_kaidaulova@mail.ru)

Гульмира Мадиева, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Гүлмира Баянжанқызы Мәдиева – филология ғылымдарының докторы, түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: gmadi@mail.ru)

Как цитировать

Кайдаулова, З., & Мадиева, Г. (2026). МЕТАФОРА И МЕТОНИМИЯ В НЕОФИЦИАЛЬНЫХ ИМЕНОВАНИЯХ ГОРОДСКОГО ПРОСТРАНСТВА. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 201(1). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4306